Жалпы география
География: (гр. γεωγραφία, сөзі жерді сипаттау деген мағынаға ие. Ол мынадай екі сөзден тұрады гр. γαία — Жер және гр. γράφειν — сипаттап жазу, суреттеу). Жалпы алғанда, жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеттері туралы зерттейтін ғылым болып табылады.
- Жердің географиялық қабығын зерттейтін ғылымдардың кешені. Географиялық ғылымдардың зерттеу нысандарына: геосфера (биосфера, атмосфера, литосфера, гидросфера және жер қабаты) и геожүйе (ландшафттар, табиғи зоналар, биогеоценоз…)
- белгілі бір аумақтың, аймақтың, нысанның, құбылыстың немесе процесстің уақыт пен кеңістікке байланысты ерекшеліктері туралы білім жиынтығы (мұхиттар мен құрлықтар географиясы, Қазақстан географиясы, дала географиясы, әлеуметтік география, тарихи география) жатады.
Географияның зерттеу нысаны (орыс. объект) - әртүрлі дәрежедегі географиялық орта компоненттерінің орналасуы мен өзара әрекеттесу заңдары мен заңдылықтары болып табылады. Зерттеу нысанының күрделілігіне және кеңдігіне байланысты география пәні ортақ географиялық ғылымдар жүйесін құрайтын бірнеше мамандандырылған (салалық) ғылым түрлеріне бөлінеді. Олардың ішінде ерекше аталатындар: жаратылыстану география ғылымдары (физикалық география, жердің географикалық қабықтарын тану ғылымы, тапырақтану, климотология, гляциология, гидрология, океанология, палеография) және қоғамдық географиялық ғылымдар (әлеуметтік-экономикалық география, тарихи география). Кейде географиялық картографияны да жеке ғылым ретінде бөліп айтады.