мектеп атласы

Географиялық Атласгеографиялық карталардың біртұтас жүйелі жинағы. Олар көпсалалық карталарға ортақ жалпы бағдарлама бойынша құрастырылады. Ең алғашқы қолжазба түріндегі карталар жинағын б.з-дың 2 ғ-ында Клавдий Птолемей жасаған. Географиялық карталар жинағына “Атлас” деген ұғымды алғаш рет (1595 ж.) фламанд картографы Меркатор енгізген. “Атлас” атауы аңыз бойынша аспан әлемінің глобусын алғаш рет жасаған Либияның мифтік королі Атластың есімімен аталған.

Сообщить о нарушении Подробнее