ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ
Физикалық география — жер сферасы, географиялық орта және жер типтері — географиялық ландшафтар — туралы ғылым саласы. Кең мағынада айтқанда, ол басқа да жаратылыстану ғылымдарының негізгі салалары сияқты жеке ғылымдар мен физикалық географияның дәл өзінен, немесе жер тану ғылымынан тұратын ғылымдар жүйесі болып табылады.
Физикалық география екі бөлімге:
- жалпы және
- региондық-аудандық (көбінесе ландшафттану деп аталатын) физикалық географияға бөлінеді.
физикалық география мынадай жеке ғылымдар салаларына бөлінеді:
- Геоморфология Геоморфология Жердің пайда болуын, жасын, құрылымдық ерекшелігін, дамуы мен элементтерінің жер бетінде таралуын, сыртқы және ішкі процестердің, сонымен қатар, жер бетінің қалыптасуындағы антропогендік факторларды зерттейді.
- климатология
- океанология
- гидрология
- топырақ географиясы
- геоботаника
- зоогеография
- гляциология
- геокриология.